Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Біржан сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2-00-06 - науқастарды тіркеу орны
2-11-33 - қабылдау бөлмесі
2-00-18 - cенім телефоны

Еңбекшілдер аудандық ауруханасы алғаш 1930 жылы Еңбекшілдер ауданының Казгородок ауылында ұйымдастырылып, Қарағанды облысының, содан кейінгі уақыттарда, 1936 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан, 1939 жылдың 14 қазанынан –Ақмола , 1944 жылдың наурызынан бастап Көкшетау облысының Еңбекшілдер аудандық денсаулық сақтау бөліміне тікелей бағынышты болды. Аурухана жанында оған қарасты келесідей мекемелер болған: 9 учаскелік аурухана, 7 денсаулық пункті, 14 ФАП, 1 емхана.

Құрылымдық бөлімшелерінен хирургия, терапевтік, ота жасау бөлімшелері, тубдиспансер, бухгалтерия және мед. санақ бөлімшелері жұмыс істеді

Еңбекшілдер аудандық ауруханасы 1955 жылдың 16 шілдесінде Степняк қаласындағы Ирмовка ауруханасымен бірігіп, Еңбекшілдер аудандық ауруханасы деп атала бастады. Аудандық денсаулық сақтау бөлімдері жабылған соң 1957 жылдан бастап ауданық денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметтері Еңбекшілдер аудандық ауруханасына жүктеліп, оның құрамына санэпидстанция, бала бақшалары, балалар яслилері мен медпункттер енді. 1950 жылы аудандық аурухананың штатына 48 штаттық бірлік бекітілді,1952 жылы штат саны 73-ке жетті.

Аудандық аурухана аудан орталығындағы емдеу мекемелерінің бірлестігі болып табылады.Оның құрамына амбулатория, учаскелік ауруханалар, балалар және әйелдер кеңестері енген. 1972 жылы аурухана жанында ведомствоға қарасты келесідей мекемелер болды: 6 учаскелік аурухана (Донской, Щорс, Макин, Шошқалы, Краснофлот, Восточный), 5 денсаулық пункті, 23 ФАП, Казгородок дәрігерлік амбулаториясы және қалалық емхана.

Back to Top